Күдебаев сотқа күшпен жеткізіледі

Ол осыған дейін бірнеше сотқа келмеген


30/03/2023
14:19 19459 0

 

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлеп жеткізіледі. Бұл жөнінде Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Сот мәліметінше, Күдебаев бірнеше мәрте сотқа келмеген. Осыған байланысты оны 3 сәуірде өтетін сотқа күшпен жеткізу туралы сот қаулысы шыққан.

 

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені, сол себепті сотқа келе алмағаны хабарланған. 

 

Тергеу органдары Серік Күдебаевқа Қаңтар оқиғасы кезінде «әрекетсіздік танытты» (ҚР ҚК 370-бап, 4-бөлігі) деген айып таққан. Оның өзі айыптарды жоққа шығарады. Бұған дейін прокурорлар оған 9 жыл түрме жазасын сұраған. 

Поделиться

Нет комментариев.

30/03/2023 14:19
19459 0

Уведомление