ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қамауға алынды

Мәсімовтің осымен екінші орынбасары қамалып отыр


07/02/2022
14:07 36845 0

Фото: kapital.kz

 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин тергеу изоляторына қамалды дейді ҚазТАГ сот хабарына сүйеніп. 

Ерғожин ҰҚК төрағасының орынбасары болып 2016 жылы тағайындалған еді. Бұрын ұлттық қауіпсіздік я құқық қорғау органдарына істеп көрмеген. 

Қаңтар оқиғасы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовті орынан алып тастады. Кейін Мәсімов мемлекет билігін басып алмақ болды, елге сатқындық жасады деген күдікпен ұсталды. 

13 қаңтарда оның екі орынбасары — Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин да тұтқындалғаны белгілі болды. Оларға да осындай күдік бар. Садықұлов қамауға алынды, ал сот оның және Мәсімовтің ісіне аса құпия деген статус берді. Сондықтан бұл іс туралы артық ақпарат жоқ. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/02/2022 14:07
36845 0

Уведомление