«Итке көңіл айтты» деп дауға қалған Сапарбаев қызметінен кетті

Бердібек Сапарбаев қызметінен кетті


07/04/2022
12:48 35543 0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қызметінен кетті. Оның орнына орынбасары Нұржан Нұржігітов тағайындалды. 

 

Бердібек Сапарбаев Жамыл облысының әкімі болып 2020 жылы Қордай оқиғасынан кейін тағайындалған. Сапарбаев әр жылдары Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының әкімі болып қызмет атқарған. 

 

Ақпан айының басында әлеуметтік желіде Бердібек Сапарбаевтың «Персик» атты иттің өлуіне байланысты оның иесіне көңіл айтқаны бейнеленген видео тараған. Бұл желіде қызу талқыланып, халық «қаңтар оқиғасында оққа ұшқан адамдардан ит артық болды» деген пікірлер жазған. Осыдан кейін облыс әкімдігі Сапарбаевтың итке көңіл айтпағанын, оның өтіп бара жатып, иті өлген Жанна Папина есімді белсендінің қарсылық акциясына назар аудып барғанын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

07/04/2022 12:48
35543 0

Уведомление