HRW: Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасын біржақты тергеді

Астана Қаңтар оқиғасында адам шығынына жауапты орган қызметкерлерін анықтауға және жазаға тартуға құлықсыз


21/12/2022
10:23 23671 0

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы «Қазақстан билігі кемі 238 адамның өмірін алған, адам құқығы өрескел бұзылған» Қаңтар оқиғасын «біржақты тергеді» деп мәлімдеді.

20 желтоқсанда жарияланған ұйым мәлімдемесінде Астана Қаңтар оқиғасында адам шығынына жауапты орган қызметкерлерін анықтауға және жазаға тартуға құлықсыз деді.

HRW Қаңтар оқиғасына қатысты тергеу «біржақты болғанын», наразылыққа шыққан мыңнан аса адам жауапқа тартылғанын, ал құқық қорғау органдарының тек бір қызметкері сотталғанын атап өткен.

– Қаңтар оқиғасына бір жыл толып қалса да қаза тапқандардың отбасылары, жараланған жүздеген адам мен азапталғандар әлі әділдік күтіп отыр, – деді ұйымның Орталық Азия бойынша зерттеушісі Мира Риттманн.

 Қазақстанның серіктестерді бұл елді тез арада Қаңтар оқиғасын тәуелсіз әрі тиімді тергеуге шақыруы тиіс, – деп санайды Риттманн.

Қаңтар басында сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты басталған наразылық соңы қантөгіске ұласқан еді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға шетелден келген «террористерді» айыптағанымен, бұл сөзіне еш дәлел келтірмеген. Бұған қоса, Тоқаев қырғын кезінде орган қызметкерлері мен әскерилерге ескертусіз оқ атуға бұйрық берген.

Қазақстан билігі оқиға кезінде ұсталған алты адам қамауда азапталып, қаза тапқанын; қырғын кезінде 238 адам (оның ішінде 19 орган қызметкері бар) қаза болғанын айтқан. Бас прокуратура тергеуде 25 адам азапталғанын мойындағанымен, азаптауға қатысты көптеген істерге қатысты нақты шешім шыққан жоқ.

Құқық қорғау ұйымдары оқиға кезінде қаза тапқандардың саны ресми деректен көп болуы мүмкін деп те санайды.

– Қаңтар оқиғасындағы азаптағандар, адамдарды жаралағандар және адам өліміне кінәлілерде жауапқа тартуға Қазақстан билігі жауапты. Бірақ бір жылдай уақыт өтті, ал билік бұған құлықты емес сияқты. Қазақстан орган қызметкерлерін ақтауға тырыспай, әділеттілік салтанат құрғанын қамтамасыз ету керек
, – деді Риттманн.

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/12/2022 10:23
23671 0

Уведомление