Грузияда хомофобтар соққыға жыққан журналист көз жұмды. Халық үкімет отставкаға кетсін деп наразылыққа шықты

Мыңдаған азамат үкімет хомофобтарға дем беріп отыр дейді


12/07/2021
10:56 41449 0

Фото: dw.com

 

37 жастағы грузиялық телеоператор Лексо Лашкарава көз жұмғанына байланысты Тбилисиде мыңдаған азамат үкіметтен отставкаға кетуді талап етті. Журналисті 5 шілдеде ЛГБТИК+ қауымдастығына қарсылар соққыға жыққан. Сол күні гейпарад өтпек болды. Бірақ ультраоңшыл, радикал хомофобтар мен діншілдердің шабуылынан кейін шара болмай қалды. 

 

Лакшараваға аураханада ота жасалып, үш күннен кейін науқас босатылған. 11 шілдеде оны анасы үйінен өлі күйінде тапқан. Ішкі істер министрлігі оператордың өліміне нақты не себеп болғанын айтпады. 

 

Наразылыққа шыққандар үкімет 12 шілденің таңына дейін орнынан кетсін деген талап қойды. Олар жаппай тәртіпсіздікке премьер-министр Ираклий Гарибашвилидің «гейпарад өткізген жөнсіз» деген мәлімдемесі түрткі болды дейді. 

 

Еуропа одағы мен АҚШ журналистің өлімін тексеріп, кінәлілерді жауапқа тартуға үндеді. 

 

Жергілікті журналистер радикалардан 50 БАҚ қызметкері зардап шекті дейді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/07/2021 10:56
41449 0

Уведомление