«Гиперборей» операторының көлігін белгісіз біреулер өртеп кетті

Үйдің алдында екі бірдей көлікті жағып жіберген


20/02/2023
10:58 20639 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Журналист Вадим Борейко операторының екі бірдей көлігін белгісіз біреулердің өртеп кеткенін хабарлады. 

 

Ол бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Журналистің өзі бұны қызметімен байланыстырады. 

 

– 20 ақпанға қараған түні менің операторымның екі бірдей көлігін үйінің алдында жарып жіберді, – деп жазды Борейко телеграм арнасына.

 

Бұған дейін белгісіз біреулер Борейконың пәтерінің есігін желімдеп, кіреберіс есікке бейәдеп сөз жазып, сурет салып кеткен. 

 

Соңғы уақыттары Қазақстанда журналистерге қысым күшейген. Осыдан біраз уақыт бұрын журналист Динара Егеубаеваның көлігін де өртеп кеткен.

Поделиться

Нет комментариев.

20/02/2023 10:58
20639 0

Уведомление