Гаага трибуналы Ресейге қатысты тергеу бастады

Гаага трибуналы Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдің үстінен тергеу бастады


03/03/2022
10:27 36479 0

Фото: Reuters

 

Гаага трибуналы Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты тергеу жұмыстарын бастады. Бұл жөнінде ВВСхабарлады. 

 

— Украинадағы жағдайды талдаудан кейін менің кеңсем біздің соттың юрисдикциясына жататын қылмыстар жасалуы мүмкін деп санауға жеткілікті негіз көрді. Қылмыс болуы мүмкін бірнеше оқиға бар және сол оқиғалар тергеудің негізі болып қаланады, — деді Гаага халықаралық сотының бас прокуроры Карим Хан. 

 

Тергеу Ресей әскері Украинада бейбіт халықты бомбалады деген ақпараттар тарағаннан кейін басталған. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейді Харьковқа әуе соққысын жасағаннан кейін әскери қылмыс жасады деп айыптаған. 

 

Сәрсенбі күні Херсон мэрі қаланы Ресей әскерлері басып алғанын мәлімдеген. Ал Мариуполь әкімінің орынбасары қала гуманитарлық катастрофа алдында тұр деп мәлімдеген. 

Поделиться

Нет комментариев.

03/03/2022 10:27
36479 0

Уведомление