ЕҚЫҰ: Сайлауда бәсекелестік болған жоқ

Бюллетеньдер әділ саналды деп айтудың өзі қиын


21/11/2022
17:12 24852 0

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда өткен президент сайлауына қорытынды жасады. 

 

– ҚР өткен кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік болған жоқ. Сайлау тиімді өткенімен, ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкес келетін шынайы плюрализмді қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта арнайы реформалар жасап, заңдарды қабылдау қажет. Қазіргі президент парламентте отырған партиялардан құрылған коалиция атынан сайлауға түсті. Оған шынайы бәсекелес болған жоқ, – деді ЕҚЫҰ миссиясының басшысы Урсула Гацек. 

 

Гацек тәуелсіз кандидаттардың сайлауға жіберілмегенін, үміткерлерге қойылатын талаптар ЕҚЫҰ және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінін айтты. 

 

Миссия сөз бостандығын шектеу және журналистерге жасалатын шабуыл БАҚ өкілдерінің өзін-өзі шектеуіне алып кететінін мәлімдеді. 

 

Гацектің сөзінше, сайлау күнінің алғашқы жартысында барлығы қалыпты жағдайда болған. Бірақ кейіннен сайлауда ең маңызды деп саналатын талаптардың барлығы бұзылған. Сол себепті бюллетеньдер әділ саналды деп айтудың өзі қиын. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

21/11/2022 17:12
24852 0

Уведомление