«Еркіндік қанаты» адам құқықтары мектебін өткізеді

Қатысу тегін


13/07/2021
11:44 40754 0

Фото: misk.org.kz

 

«Еркіндік қанаты» қоғам қоры 1–5 тамызда адам құқығы жөніндегі жазғы мектеп өткізбек

 

Human Rights Summer School-ға қатысушылар құқық қорғаушы, заңгерлер мен сарапшылардан адам құқықтары негізін үйренеді

 

Мектеп офлайн өтеді. Ұйымдастырушылар қатысушылардың жол, тұратын жері мен ас-суының ақысын төлейді. Семинарлар нақты қайда өтетіні кейін айтылмақ. 

 

Мектепке мына жерден 21 шілдеге дейін тіркелу керек. 

 

Қатысам дегендер ПЦР тесті қорытындысын не вакцина паспортын көрсетуге тиіс. 


Толық ақпаратты қордың Instagram парақшасынан ала аласыздар.

Поделиться

Нет комментариев.

13/07/2021 11:44
40754 0

Уведомление