«Ел мен Жер» қозғалысы партияға айналады

Қазақстанда тағы бір партия құрылатын болды


19/05/2022
12:28 34111 0

Фото: КазТАГ

 

«Ел мен Жер» қозғалысы партияға айналады. Бұл жөнінде саясаткер Балташ Тұрсымбаев мәлімдеді. 

 

— Партияның негізгі мақсаты – елді тығырықтан шығаратын, ұлттық идеологияның іргетасын қалайтын бағдарламаны жүзеге асыру.  Бүгінгі қазақтың ұлттық идеологиясы берік, мықты ұлт болып қалыптасып, дамыған елге айналу. Бұл біздің «Ел мен Жер» партиясының негізгі бағыты болады, — деді Тұсымбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында. 

 

Бұдан бөлек, саясаткер жақын уақытта «Ел мен Жер» партиясын тіркеуге байланысты жұмыстар басталатынын және партия алда болатын парламент және мәслихат сайлауларына қатысатынын айтты. 

 

«Ел мен Жер» қозғалысы 2020 жылы құрылып, Балташ Тұрсымбаев төраға болып сайланған. Қозғалыс мүшелері сол уақытта «ұйымның негізгі мақсаты – жерді ешкімге сатпау және жалға да бермеу, халықтың талабын билікке жеткізу» деген. 

Поделиться

Нет комментариев.

19/05/2022 12:28
34111 0

Уведомление