Экс-министр Қуандық Бишімбаев «аса қатігездікпен адам өлтіру» бабы бойынша тергеледі

Ол «Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді» деген күдікке іліккен


30/11/2023
16:01 11761 0

Фото: Orda.kz

 

Әйелі «Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді» деген күдікке ілінген экс-министрі Қуандық Бишімбаев енді ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен «Аса қатігездікпен адам өлтіру» бойынша тергелуде. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді. 

 

Бұған дейін істің 99-баптың 1-бөлігімен тергеліп жатқаны жөнінде айтылған. 

 

Қуандық Бишімбаевпен қатар оның туысы да тергеу изоляторына қамалған. Ол «қылмысты жасыру» және «полицияға хабарламау» баптары бойынша күдікке іліккен. 

 

ҚК 99-бабының 1-бөлігі  «Адам өлтіру» бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза қарастырылса, 99-баптың 2-тармағы бойынша «Аса қатыгездікпен адам өлтіру» 15 жылдан 20 жылға дейін түрме жазасы көзделген.

Астанадағы ресторандардың бірінде 9 қарашада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова ауыр соққыдан қаза тапқаны жөнінде ақпарат тараған. 11 қарашада Бишімбаев сот шешімімен күдікті деп танылып, екі айға қамауға алынған.

Бұл оқиға қоғам наразылығын туғызып, белсенділер мен азаматтық қоғам өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі заңды қатайтуды талап етіп, петиция жариялаған. Оған 150 мыңнан астам адам қол қойған. 15 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігіне Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі «ерекше бақылауда ұстауға» тапсырма берген. 

2017 жылғы шілдеде «Ұрып-соғу» және «Денсаулығына қасақана жеңіл зақым келтіру» баптары Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске ауыстырылған.

Поделиться

Нет комментариев.

30/11/2023 16:01
11761 0

Уведомление