Экс-министр Марат Бекетаев елден қашып кетпек болғанда ұсталған

Ақпаратты бас прокуратура растады


26/10/2023
12:15 13233 0

Фото: Ашық дереккөзден

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев елден қашып кетпек болғанда ұсталған. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді. 

– Қылмыстық іс қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану салдарынан мемлекетке аса ауыр шығын алып келу айыбы бойынша қозғалған. Бекетаев шынымен де елден кетіп қалмақ болған жерінен ұсталды, – деді Шындалиев. 

21 қазанда Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған. БАҚ пен ел арасында Бекетаевтың ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке жақындығы айтылады. 

Кәрім Мәсімов Қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Жақында бас прокуратура Самат Әбіштің үстінен «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеген. Ол қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Поделиться

Нет комментариев.

26/10/2023 12:15
13233 0

Уведомление