Екібастұз қаласының жылу электр орталығы учаскесі бастығының денесі табылды


06/12/2022
10:53 23982 0

Екібастұз қаласының жылу электр орталығы учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың денесі табылды. 

 

– 4 желтоқсанда сағат 21.25-те «ВАЗ-21099» автокөлігінің салонынан ЖЭО ЖШС учаскесінің бастығы, 1989 жылы 20 тамызда туған Сергей Видлогтың денесі табылды, – дейді интернетке таралып кеткен рапортта.

 

Сергей Видлогтың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмаған, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 Бұл факт Екібастұз қалалық полиция департаментіне тіркелді. Тексеріс жүріп жатыр, – дейді қала полициясы.

27 қарашаға қараған түні жылу электр орталығы істен шығып, 150 мыңдық халқы бар Екібастұз қаласы жылусыз қалған.

Өткен жексенбіде Екібастұз қаласының әкімдігі әзірге көп қабатты 11 үй жылу жетпей тұрғанын хабарлаған.

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/12/2022 10:53
23982 0

Уведомление