Дүниежүзін аштықтан құтқаратын ұйым бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын алды

Нобель комитеті ұйымның соғыс аймақтарындағы еңбегіне ерекше мән берген


09/10/2020
15:57 47492 0

Фото: wfp.org

2020 жыл үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына (World Food Programme (WFP) берілді. Бұл туралы РБК Норвегия Нобель комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы марапатқа «аштықпен күреске күш салғаны, қақтығыс аудандарында өмірді жақсартуға үлес қосқаны және соғыс пен жанжал кезінде аштықты қару ретінде қолдануға қарсы әрекеті үшін» ие болып отыр.

«Норвегия Нобель комитеті бұл марапатпен аштықтан зардап шегіп жатқан немесе соның қаупіне ұшырап отырған миллиондаған адамға дүниежүзі назарын аударғысы келеді» делінген комитеттің хабарламасында.

 

Сыйлық тағайындаушылар 2020 жылы коронавирус пандемиясы кезінде аштық қаупі төнген аймақтар көбейгенін айтты.

 

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы — БҰҰ-ның гуманитар ұйымы. Ол жер-жаһандағы қарны аш тұрғындарға жыл сайын 4 миллион тонна азық-түлік алып береді. 

 

Бұған дейін ақпарат құралдары бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп, оның алдағы сайлаудағы қарсыласы Джо Байден, Ресей оппозиционері Алексей Навальный және басқалар ұсынылғанын хабарлаған еді.

 

2019 жылы бұл сыйлықты Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Али «Эритреямен арадағы шекара жанжалын бейбіт жолмен шешуге күш салғаны үшін» алды.

Поделиться

Нет комментариев.

09/10/2020 15:57
47492 0

Уведомление