Әділетсіздік, консьюмеризм, әлімжеттік: BTS-тің саясат пен әлеуметтегі проблемалар туралы әндері
masa.media таңдауы
Дүниежүзіне танымал BTS кореялық тобының бейсаяси альбомы жоқ шығар. Олар көптеген әнінде жастарға орын бермейтін үлкендерді, өмір мен интернеттегі әлімжеттік, мизогиния, ментал мәселелеріне қарсы ештеңе істемей отырған қоғамды сөгеді. Бұл мәселелердің кейбірін топ БҰҰ сессияларында да көтерген еді.
Баңтандардың ең саяси және әлеуметтік деген сегіз туындысын жинап қойдық.
Spine breaker
Бұл ән жұрттан қалмаймын деп әке-шешесіне қымбат зат, киім сатып алдыратын балаларға арналған. BTS трендті елемей өмір сүруге болатынын, ата-ананың қадірін түсіну керегін айтады.
N.O
Жеті жігіт балаларды оқудан бас көтермейтін роботқа айналдырған білім беру жүйесін сынға алады.
Silver spoon
Әннің кәрісше атауы — Baepsae («Шымшық»). BTS мұнда шымшық пен дегелекті салыстыра отырып әлеуметтік теңсіздікті шенейді.
Дегелек дегені — қалағаны алдынан іздемей-ақ табылатын, ішкені алдында, ішпегені артында адамдар, ал шымшық — дарынды, күшті болмаса да, дегелектің ізін қуып, теңсіздікке ұшырағандар.
Go Go
Кәрісше білмейтіндерге бұл туынды көңіл көтеретін ән болып көрінуі мүмкін. Бірақ аудармасына үңілсек, олай емесін білеміз.
Баңтандар қоғам ішкі жан дүниесін толтырам деп ақшаны қалай болса солай жұмсайды, консьюмеризмге ұрынады дейді.
No more dream
Ата-ана «үмітін» ақтаймын деп жастар арманынан бас тартуға мәжбүр болатынын әңгімелейді.
Топтың дебют әні.
Am I wrong
Бұл ән айналасына бейжай қарайтын, саясат пен қоғамда шаруам жоқ дегендерді сөгеді. Әлем алжасып жатыр, бұлай қол қусырып отырғаның жарамас дейді.
21th century girl
K-pop-тағы феминист әндердің бірі.
Жұрттың айтқанын елеме, алған бетіңнен тайма, үніңді өшірме дейді BTS ХХІ ғасырдың әйелдеріне.
Change
BTS-тің жетекші мүшесі Намжун мен нигериялық-америалық репер Whale полиция бассыздығы, нәсілшілдік, интернеттегі әлімжеттік пен халық үкіметке сенуден қалғанына қынжылады әрі мұны жастар өзгерте алады деп үміттенеді.
Иллюстрация: Лейла Тапалова
Нет комментариев.