Әділет департаменті Жанболат Мамайдың адвокатының үстінен тәртіптік іс қозғауға тапсырма берген

Инга Иманбай мен Ернар Кенжебаев бұны қысым деп есептейді


12/08/2022
15:49 29555 0

Астана қаласының әділет департаменті адвокаттар алқасына оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың қорғаушысы Ерлан Кенжебаевтың үстінен тәртіптік іс қозғауды тапсырған. Бұл жөнінде саясаткердің әйелі Инга Иманбай мәлімдеді. 

 

– Жанболаттың өзі жаламен қамауда, серіктестерін қайта-қайта 15-20 күннен қамап, қылмыстық іс ашып, әкесіне шабуыл жасап, әйелі маған миллионға жуық айыппұл салғаны, оның қорғаушысы статусымнан айырғаны аздай, енді адвокаты Ернар Кенжебаевқа шабуыл басталды, – деп жазды Иманбай Facebook парақшасына. 

 

Инга Иманбайдың сөзінше, Әділет органы Астана адвокаттар алқасына Ернар Кенжебаевтың үстінен тәртіптік іс қозғауға тапсырма берген. 

 

– Кеше  Әділет органы Астана қаласы адвокаттар алқасына Ернар Кенжебаевқа қатысты тәртіптік іс қозғау бойынша тапсырма беріпті. Яғни, Жанболаттың соты кезінде судьяның рұқсатынсыз тікелей эфир қосты деген желеумен біздің адвокатамызды қудалап, қыспаққа алмақ. Бірақ, ол эфирге адвокаттың еш қатысы жоқ екенін, тікелей эфирді біздің өзіміз қосқанымызды олар жақсы біледі және түсінеді. Бірақ, адвокатқа қысым жасау үшін, сол эфирді сылтауратып тұрғаны анық. Ал, соттардың барынша жабық, журналистерді қатыстырмай, тікелей эфир қосқызбай, онлайн өтіп жатқаны Жанболаттың жазықсыздығының тағы бір дәлелі. Жанболатқа бостандық! Оның жақтастары, жақындары мен қорғаушыларына шабуылды тоқтатыңдар! Біздің құрметті қорғаушымыз Жанара Балгабаева мен басқа да адал адвокаттарды Ернар Кенжебаевқа қорған болуға шақырамын, – дейді Иманбай. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/08/2022 15:49
29555 0

Уведомление