Депутаттыққа 14 мыңнан астам үміткер ұсынылған

Партиялар арасында ең көп кандидатты «Amanat» ұсынған


09/02/2023
17:56 21474 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Республика бойынша депутаттыққа 14 207 кандидат ұсынылған. Оның 13 315-і мәслихатқа, 892-і мәжіліске үміткер ретінде тіркелген. 

 

Биылғы сайлауға партиялар арасында ең көп кандидатты «Amanat» партия – 90 адам ұсынған. Қалған партиялар «Ақ жол» – 54, Қазақстан Халық партиясы – 52, «Respublica» – 25, «Ауыл» – 25, «ЖСДП» – 19, «Байтақ» – 18 үміткер ұсынған. 

 

Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс және мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді. Ол ескі де жаңа жүйе бойынша, атап айтқанда, 30% мажоритарлық, 70% партиялық тізіммен жасақталады. 

 

Бұндай жүйе Қазақстанда 2004 жылға дейін болған. 2007 жылы Конституция өзгергеннен кейін бұл жүйе жойылған. 

 

Сарапшылар биыл қайтадан енгізіліп жатқан аралас жүйені әртүрлі бағалайды. Бірі бұны саяси бәсекелестіктің имитациясын жасау десе, енді бірі шын мәніндегі өзгеріс деп есептейді. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

09/02/2023 17:56
21474 0

Уведомление