Депутат Ермұрат Бапи «саяси тұтқындар» Намазбаев пен Боранбаевтың ісін қайта қару қажеттігін айтты

Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаев бес жылға сотталған


05/04/2023
16:24 19763 0

Мәжіліс депутат Ермұрат Бапи Ресейді сынап, сотталған екі белсенді Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаевтың ісін қайта қарау қажеттігін айтып, бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдады. 

 

– Біздің елдің намысын қорғаған, ұтжанды азаматтар Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаев «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген желеумен, әрқайсысы бес жылдан сотталып кетті. Бұл қатарда Ермек Нарымбаевты да атауға болады... Халықаралық ұйымдар бұл азаматтар «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген. Бізге бұл керек пе? Ендеше, бұған дейін Қазақстанда болып келген сепаратизм синдромын, жуықта Петропавл қаласында болған жікшілденудің жиіркенішті жағдаятын ескере отырып, Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаевтың үкімін қайта қарайтын уақыт та, саяси себеп те, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығы туды деп есептеймін, – деді Бапи бас прокурорға жолдаған депутаттық сауалында.

 

Саяси белсенділер Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаев «ұлтаралық алауыздық тудырды» деп айыпталып, былтыр 5 жылға сотталған. Екі белсенді желіде ресейлік шенеуніктердің Қазақстан жайлы айтқан сындарына қарсы пікір білдіріп, Қазақстанның Ресеймен интеграциясына қарсы шыққан және Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынаған еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

05/04/2023 16:24
19763 0

Уведомление