Demoscope: Азаматтардың 40%-ке жуығы төтенше жағдай кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды

Фото: Demoscope
Demoscope жүргізген «Қазақстанның төтенше жағдайға дайындығы» туралы сауалнама нәтижесі осыны көрсеткен.
Сауалнаманың негізгі түйіні:
▪️Азаматтардың 40%-ке жуығы ТЖ кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі (32,9%) – биліктің ТЖ-ға дайындығына көңілі толады. Тағы 19%-і – мемлекеттік жүйенің дайындығы жоғары деңгейде деп есептейді;
▪️Азаматтар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықты көбірек ақпараттандырып және жемқорлықпен күресу керек деп ойлайды;
▪️ТЖ кезінде тұрғындарды ақпараттандыру сапасы бойынша: 60% жуығы – ақпарат қолжетімсіз немесе жылдам ақпарат берілмейді немесе жеткілікті дәрежеде жылдам таратылмайды деп санайды.
▪️Сұралғандардың көбі (52,5%) халықты барынша көп ақпараттандыру және жиі оқу-жаттығу жүргізу ТЖ кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең тиімді тәсілі деп ойлайды.

Нет комментариев.