Дау болған «Масс-медиа туралы заңды» Көлгінов әлі оқымапты

Журналистер бұл заңды «цензураға» балаған


14/02/2023
15:37 20959 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Алтай Көлгінов дауға ұшыраған «масс-медиа туралы заң» жөнінде айтты. Оның сөзінше, заң жобасы әлі өзгеруі мүмкін. Ұсынылған заң бекітілген нұсқа емес. 

 

– Мен заңды әлі толық оқымадым. Сұрақтарыңызды министрлікке жеткіземіз. Кейін журналистермен тағы талқыланатын болады. Содан кейін ол парламентке енгізіледі. Парламентте де талқыланып, бір шешім қабылданады, – деді ол Үкімет кулуарында журналистер алдында. 

 

Бұған дейін Ақпарат министрлігі ұсынған заңға бірқатар журналистер мен құқық қорғаушылар қарсы шыққан. Олар оны «цензураға» балап, заңға қарсы петиция жариялаған. 

 

Олар заңда көрсетілген журналистерге берілетін пресс карта мен төтенше жағдай кезінде жазылған материалды құзырлы органдарға алдын ала тексерту міндеттемесі жөніндегі бөлікті сынаған. 

Поделиться

Нет комментариев.

14/02/2023 15:37
20959 0

Уведомление