Cайлау күні «Еркіндік қанаты» қорының 11 бақылаушысын учаскеден шығарып жіберген

Қысымдар мен қоқан-лоқы жасау сағат кешкі бестен кейін басталды


22/11/2022
14:18 24981 0

Кезектен тыс президент сайлауы күні «Еркіндік қанаты» қорының тәуелсіз бақылаушыларын сайлау учаскесінен шығарып, қысым жасаған. 

 

Қор директоры Елена Швецованың сөзінше, сайлау күні бақылаушыларға қысым кешкі сағат бестен кейін басталған. 1бақылаушы учаскеден шығарылған. 

 

– Биылғы жылы біз Қазақстан бойынша 156 шетелде 4 сайлау учаскесін бақыладық. Күннің алғашқы жартысында барлығы тыныш болды. Қысымдар мен қоқан-лоқы жасау сағат кешкі бестен кейін басталды. 13 сайлау учаскесінен 11 бақылаушыны шығарып жіберді. Оның сегізі – Астанада, екеуі – Түркістан облысында, біреуі – Алматыда. Қысымды комиссия мүшелерімен қатар өзге ұйымдардан келген бақылаушылар да жасады, – деді Швецова. 

 

«Еркіндік қанаты» қоры қызметкерлерінің сөзінше, бұл жолғы сайлауда жасалған қысымдар мен кедергілердің бұрынғы сайлаулардан еш айырмашылығы болмаған. Бақылаушының жүріп-тұруын шектеу, фото-видеоға түсіруіне тыйым салу, бюллетеньдерді алдын ала дайындау, сайлауды уақытынан бұрын бастау сияқты заң бұзушылықтар болған. 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/11/2022 14:18
24981 0

Уведомление