Былтыр Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымы бойынша рекорд жаңарды
Желтоқсан айы сатылымдар бойынша ең үздік ай болды

2024 жылы Қазақстанда 205,1 мың жаңа автокөлік сатылып, республика тарихындағы жылдық сатылым бойынша жаңа рекорд орнатылды. «Қазақстанның Автокөлік Одағының» мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда сатылым 3,2%-ға өсті.
Автоодақтың деректері бойынша, желтоқсан айы сатылымдар бойынша ең үздік айға айналды – шамамен 25,6 мың жаңа автокөлік сатылды.
Жыл қорытындысы бойынша қазақстандықтар арасында ең танымал автомобиль брендтері мыналар болды:
- Hyundai (нарық үлесі – 21,6%)
- Chevrolet (15,1%)
- Kia (11,2%)
- Chery (7,3%)
- Jac (5,7%)
- Toyota (5,4%)
- Haval (5,4%)
- Jetour (4,6%)
- Changan (4,1%)
- Geely (4%).
Қытайлық автомобиль брендтері жаңа автокөліктер нарығының шамамен 35%-ын алып отыр, ал олардың көпшілігінің танымалдығы күннен күнге артып келеді.

Нет комментариев.