Борат туралы жаңа фильмнің атауы белгілі болды

Қазақстанға «қатысы бар» комедия шағын топқа көрсетілген


28/09/2020
13:58 47522 0

Фото: consequenceofsound.net

Борат туралы жаңа фильмнің атауы «Порнография маймылының вице-премьер Майкл Пенске жуырда азайып қалған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйлығы» деп аталады. Бұл туралы Consequence of Sound музыка сайты хабарлады.

Фильмнің атауы Америка жазушылары гильдиясының кездейсоқ жарияланған құжаттарынан белгілі болды. Картина шағын топқа көрсетілген. Онда Борат Сағдиев АҚШ саясаткерлерінен құпия түрде сұхбат алуға тырысады.

Борат туралы алғашқы комедия («Борат: Қазақстанның даңқты халқының игілігі үшін Америка мәдениетін зерттеу») 2006 жылы жарыққа шығып, көпшіліктің наразылығын туғызды. Фильм Қазақстанда көрсетілмеді.

Поделиться

Нет комментариев.

28/09/2020 13:58
47522 0

Уведомление