«Бұл – дәстүр»: Ақтөбе облысының әкімі 2 миллион теңге айлық алады және туған күнін үйінде тойлайды

«Бұндай сұрақты неге қоя бересіңдер?»


17/05/2023
19:11 17770 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов айына 1,9 миллион теңге жалақы алады және туған күнін үйінде тойлайтынын айтты. 

 

17 мамырда Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов журналистер сұрағына жауап берді. Ол Instagram желісінде тараған «Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов 60 жасын қымбат ресторанда тойлады. Шенеуніктер тойға қызметтік көліктермен келді» деген жазбаны жоққа шығарды. 

 

– Туған күнімде 12-інен 13-іне қараған түнгі балаларым, достарым келіп құттықтайды. Бұл – дәстүріміз. Маңғыстауда да солай істейтінбіз. Олар бірде мен Астанада болған кезде маған айтпай келген. Сол себепті туған күнімді отбасыммен бірге, үйде атап өтемін. Ертеңінде Қобда ауданына бардым, кешкі сағат сегізге дейін сонда болдым. Адамдар мені туған күнін міндетті түрде атап өтеді деп ойлайтын болса керек. Ол күні бірде-бір қызмет көлігі болған жоқ. Болуы да мүмкін емес, – деді Тоғжанов. 

 

Бұдан бөлек, Ералы Тоғжанов айына 1,9 миллион теңге жалақы алатынын айтты және сұрақ қойған «Азаттық» радиосының журналисіне «бұндай сұрақты неге қоя бересіңдер, бұл туралы қаншама рет айттым. Ашық дереккөздерде тұр ғой» деді. 

 

Ералы Тоғжанов жалақысы туралы сұрақтарға жауап бергісі келмейтін әкімдердің қатарында. Ол 2022 жылы Ratel.kz сайтының журналисінің жалақы туралы сұрағына «Мен сіздің жалақыңыз қанша деп сұрамаймын ғой» деп жауап берген. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/05/2023 19:11
17770 0

Уведомление