Белсенді Марат Жыланбаевтың соты жабық режимге ауыстырылды

Судья «Роза» және «Бариста» лақап атты куәлердің өтінішін қанағаттандырған


31/10/2023
12:01 13041 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Роза» және «Бариста» лақап аты бар куәлердің өтініші бойынша судья Кәрімов сотты жабық режимге ауыстырды. Оған Жыланбаев пен оның адвокаты қарсылық білдіріп, сотқа сенімсіздік білдірді. 

 

Азаттық радиосының мәліметінше, 30 қазанда Астанада «Алға, Қазақстан» тіркелмеген оппозициялық партиясының жектекшісі, марафоншы Марат Жыланбаевтың соты басталды. Алдын ала таңдауда судья Кәрімов іске қатысып отырған «Роза» және «Бариста» лақап аты бар куәлерден сотты жабық өткізуге өтініш түскенін мәлімдеді. 

 

– Олар өздері мен жақын туыстарына белгісіз адамдар қоқан-лоқы көрсетіп, қысым жасағанын айтты,  дегенсудья.

 

Оған адвокат Досқараев қарсы шығып, сотқа сенімсіздік білдірді. Бірақ судья оны қайтарып тастады. 

 

Марат Жыланбаев процесті ашық өткізуді сұрады. Ол сотты жабық өткізу заңсыз екенін мәлімдеді. 

 

Марат Жыланбаевтың айтуынша, абақтыда жанына терісінде зеңді жарасы бар науқас пен ауыр қылмысы үшін сотталған адамды отырғызған. Белсенді мұны қысым деп бағалаған, содан соң өзге камераға ауыстырған. 

Белсенді «шындық үшін қамалғанын, өз құқығы үшін күрескенін», ол үшін өмір бойы қамаса да өкінбейтінін айтқан. 

Мамыр айында Марат Жыланбаевтың үстінен «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» және «экстремистік ұйымды қаржыландыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол бастапқыда бейбіт жиынға қатысқаны үшін әкімшілік қамауға алынған. Белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейді. Істің саяси астары бар деп есептейді. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/10/2023 12:01
13041 0

Уведомление