Белсенді Ермек Нарымбай бостандыққа шықты

Ол 11 ай пробациялық бақылауда болады


31/07/2023
14:21 15879 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Саяси белсенді Ермек Нарымбай бостандыққа шықты. Бұл туралы оның адвокаты Жанар Болғабаева хабарлады. 

 

– Ермек Нарымбайды қасы алу үшін Заречный кентіне бармақшы болған жақтастарын құлағдар етейін, қазір ол Алматыда. Қалған ақпаратты кейінірек хабарлаймын,  деп жазды Балғабаева Facebook парақшасына. 

 

13 шілдеде Қонаев қаласының сот Ермек Нарымбай мерзімінен бұрын босатып, 11 ай пробациялық бақылауда ұстауға шешім шығарған. 

 

Ермек Нарымбай 2015 жылы «әлеуметтік желіде араздық туғызатын жазба жариялады» деп айыпталып, 3 жылға сотталып, кейіннен ол шартты жазаға ауыстырылған. Дәл осы жылы белсенді «жеке басына қауіп төніп тұрғанын» айтып, Украинаға қоныс аударған. 2022 жылы ақпанда Қазақстанға қайтып оралып, Алматы әуежайында тұтқындалған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/07/2023 14:21
15879 0

Уведомление