БАҚ: Таулы Қарабақтың бұрынғы басшылары ұсталды

Олардың барлығы Әзірбайжан астанасына жеткізілген


04/10/2023
10:54 14221 0

Фото: Ашық дереккөзден

Әзірбайжан ақпарат құралдары ресми дереккөздерге сілтеме жасап, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының бұрынғы президенттері Аркади Гукасян, Бако Саакян және Араик Арутюнянның ұсталғаннын хабарлады. 

БАҚ-та тараған мәлімет бойынша, үшеуі де Степанакарт қаласында ұсталып, Бакуге жеткізілген. Бұған дейін Әзірбайжан Арутюнянға халықаралық іздеу жариялаған. 

Report агенттігінің хабарлауынша, ұсталғандардың барлығының үстінен бірнеше бап бойынша айып тағылып, сотқа жіберілмек. Бірақ бұл ақпарат ресми айтылған жоқ. 

Бұған дейін Әзірбайжан Таулы Қарабақтың бірқатар саяси басшыларын ұсталған. Олардың ішінде мемлекет министрі Рубен Варданян, бұрынғы сыртқы істер министрі Давид Бабаян, бұрынғы қорғаныс министрі Левон Мнацаканян, қорғаныс мининстрінің бұрынғы орынбасары Давид Манукян бар. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

04/10/2023 10:54
14221 0

Уведомление