БАҚ: Бас прокуратура өндірісінде Нығматулинге қатысты іс жоқ


27/10/2023
16:24 12898 0

Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратураның өндірісінде Қаңтар оқиғасы бойынша парламент мәжілісінің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинге қатысты іс жоқ. Бұл жөнінде ведомствоға сүйеніп, zakon.kz сайты хабарлады. 

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Elmedia You Tube арнасына берген сұхбатында Нұрлан Нығматулиннің Қанды Қаңтар оқиғасына қатысы бар деп топшылаған. 

Ол Нығматулин мен ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов екеуі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа барып, «орныңды босат» деген-мыс. 

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин – 5 және 6-шақырылымдағы мәжіліске төрағалық еткен. Қаңтар оқиғасынан кейін «өз еркімен» қызметінен кеткен.

Поделиться

Нет комментариев.

27/10/2023 16:24
12898 0

Уведомление