БҰҰ Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

Құжатты 193 елдің 141-і қолдады


24/02/2023
12:39 20641 0

Фото: dw.com

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресей әскерін Украинадан алып кетуді талап ететін қарар қабылдады. Қарарға дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалды.

 

Құжатты 193 елдің 141-і қолдады. 7 ел қарсы дауыс берді. 32 мемлекет қалыс қалды. 

 

Қарарға Ресейден бөлек, Беларусь, Эритрея, Мали және Сирия қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандар арасында Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қытай, Үндістан және Иран бар.

Украинаның Адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец Telegram-дағы арнасында бұл құжат жөнінде "бұл –елдің қауіпсіздігі мен Украинаның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін маңызды қадам" деп жазды.

Қауіпсіздік кеңесінен айырмашылығы БҰҰ Бас ассамблеясында Ресей құжатқа вето қоя алмайды. Қарардың рекомендациялық сипаты бар.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя «резолюция бір жыл бұрын ушығып кеткен Ресей мен Батыс арасындағы қарама-қайшылықты жоюға әсер етпейді» деп мәлімдеді. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

24/02/2023 12:39
20641 0

Уведомление