Қазақтарға тіл тигізіп, «бір-біріңді өлтіріп тастаңдар» деген астаналық сотталды


28/11/2023
13:14 11753 0

Фото: КазТАГ

 

Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты Наталья Свириденконы төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оған ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша айып тағылған. 

 

Наталья Свириденко 7 тамызда Tik Tok желісінде қазақтарға тіл тигізіп, бір-біріңді өлтіріп тастаңдар деп мәлімдеген. 

 

– Сағат 1:00 шамасында Свириденко Астанадағы үйінде отырып, Tik Tok желісіндегі «Королева 2» аккаунты арқылы тікелей эфир жүргізген. Тікелей трансляция барысында Свириденкоға ұлттық ар-намысқа тию, ұлтаралық араздықты қоздыруға бағытталған қылмыстық ой келген. Тікелей трансляцияға қатысушылардың арасында өзге ұлт өкілдері барын біле тұра, қазақ ұлтына тіл тигізіп, балағаттап, қоғамдық резонанс туғызған, – делінген сот үкімінде. 

 

Іс материалдары бойынша, Свириденко қазақтардың маймылға теңеп, Қанды Қаңтар қырғыны кезінде Алматы мен Жаңаөзенде болған оқиғаларға жауаптысыңдар деген. 

 

– Осылайша Свириденко телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы ұлтараздық алауыздық қоздыратын, ұлттық ар-намысқа тиетін қасақана іс-әрекет жасаған, – делінген сот шешімінде. 

 

Сот кезінде Свириденко кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/11/2023 13:14
11753 0

Уведомление