Қазақстанның мемлекеттік телеарнасы интернет еркіндігі туралы жалған хабар таратты

Телеарнаның ақпаратында Қазақстан «интернеті тегін елдер тобында екені» айтылған


01/10/2020
18:29 47829 0

Фото: akket.com

 

Qazaqstan телеарнасы «Қазақстан интернеті тегін елдер қатарында» деген жалған ақпарат таратты. Ranking.kz жобасы Freedom House ұйымының мәліметіне сүйеніп таратқан ақпаратта еліміздегі интернет «тегін екені» айтылмаған.

 

Телеарна таратқан хабарда «Сондай-ақ рейтинг шартты топты қарастырған: тегін, жартылай тегін және ақылы интернет. Қазақстан тегін интернет тобында» делінген. Дереккөз ретінде Ranking.kz көрсетіліпті.

 

Ranking.kz сайтында бұлай деп жазылмаған:

 

«Тұтас алғанда, рейтиң үш шартты топқа ажыратылған: «еркін», «ішінара еркін» және «еркін емес» интернет. Қазақстан интернеті еркін емес топқа кіреді».

 

Мемлекеттік телеарна «еркін емес» дегенді «тегін» деп өзгерткен.

 

 

Телеарна сайтындағы ақпараттың скрині

 

Ranking.kz-тің хабарлауынша, Freedom House аналитиктері дүниежүзінде интернет еркіндігі тоғызыншы жыл қатарынан шектеліп келе жатқанын айтып отыр. Олардың мәліметінше, «мемлекеттік билік органдары әлеуметтік желілерді азаматтарды бақылау мен оларға манипуляция жасауға қолдана отырып, технологияларды цифрлық авторитаризмнің инструментіне жиі айналдырады».

 

Аналитиктер дүниежүзі елдерінің интернет еркіндігіне қатысты рейтиңін жасағанда интернетке қосылуға кедергі болатын жайттар, сайттар контентіне қатысты шектеу, қолданушы құқығының бұзылуы сияқты көрсеткіштерді есепке алған.

 

Интернет еркіндігі жөнінен рейтиңде Исландия бірінші орынға шыққан. Алғашқы бестікке Эстония, Канада, Германия мен Австралия да енген. Қазақстанның көрсеткіші нашар – 2019 жылдың қорытындысы бойынша 50-орында, Беларусь 48-орында, Әзербайжан 45-орында,  Қырғызстан әлдеқайда жоғары тұр: 25-орын. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

01/10/2020 18:29
47829 0

Уведомление