Қазақстанда әйелдерге арналған пойыз вагондары пайда болды
Ондайлар әзірге тек Алматы — Өскемен, Алматы — Маңғыстау пойыздарында болады

Фото: vlast.kz
Қазақстанда тек әйелдерге арналған пойыз вагондары пайда болды. Мұны Informburo хабарлайды.
— 10 қазанда ұлттық тасымалдаушы Алматы — Өскемен, Алматы — Маңғыстау пойыздарына тек әйелдер міне алатын вагондар енгізді. Бұл — пилот жоба. Егер халық сұранысы артса, басқа бағытқа баратын пойыздарға да енгізіледі, — дейді «Қазақстан темір жолы» компаниясы.
Енді әйел жолаушылар өзіне жай не әйел вагонын таңдай алады. Бұдан билет құны өзгермейді. Компания келешекте әйелдер қасына жетіге толмаған ұл балаларды ерте алады дейді.

Нет комментариев.