Қазақстанда вакцинация паспорты мен ПТР тестін сату бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды

Екі іс сотқа жолданған


15/06/2021
12:17 41941 0

Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда пандемия басталғалы бері өтірік ПТР тестін жасау бойынша 28 қылмыстық іс, вакцинация паспортын сату бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды дейді Ішкі істер министрлігі Vласть-ке. 

 — 11 маусымға дейін ПТР тесттері мен вакцинация төлқұжаттарын сату және оларды қолдану бойынша 30 қылмыстық іс қозғалды, — деген Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

Департамент 2020 жылы алты іс, 2021 жылы 24 іс қозғалғанын атап өтті. ПТР тестін қолдан жасау бойынша 28 іс, ал вакцинация паспорттарын сату бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген. Екі іс сотқа жолданды, 12 іс тоқтатылып, 16-ы қаралып жатыр.

Поделиться

Нет комментариев.

15/06/2021 12:17
41941 0

Уведомление