Қазақстанда тұрғын үй бағасы шарықтап барады
Қазақстанда соңғы бір жылдықта тұрғын үй бағасы 20% қымбаттаған

Фото: Ашық дереккөздерден
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша, жаңа тұрғын үйлердің жылдық бағасы 19,3% өскен. Екінші нарықтағы тұрғын үйлердің бағасы 27,9%, пәтер жалдау құны 22,8% қымбаттаған.
Жаңа тұрғын үй бағасының өсуі бойынша Астана көш бастап тұр. Елордада соңғы бір жылда бірінші нарықтағы пәтерлер бағасы 27,2% өскен.
Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы Талдықорғанда бір жылда 48,6% қымбаттаған. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Пәтер жалдау құны Алматыда бір жылда 49,9% өскен.

Нет комментариев.