Қазақстанда тағы екі адам «саяси тұтқын» деп танылды

Қазір Қазақстанда «саяси тұтқын» деп танылған 19 адам бар


22/02/2023
10:09 20790 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Tirek.info сайтында жарияланған ақпарат бойынша, құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар кеңесі осы аптада 9 жылға сотталған журналист Махамбет Әбжан мен белсенді, кәсіпкер Аслан Өтеповті «саяси тұтқын» деп таныған. 

 

Қазір Қазақстанда «саяси тұтқын» деп танылған 19 адам бар. Олардың арасында Ермек Нарымбай, Ержан Елшібаев, Жанмұрат Аштаев сияқты белсенділер бар. 

 

Құқық қорғаушылар былтыр президент сайлауы алдында «билікті күшпен басып алмақ болды» деп айыпталған жеті адамды да «саяси тұтқын» деп таныған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсталғандарды «шетелде тұратын банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әбілязовты тыйым салынған «ҚДТ» және «Көше партиясын» қолдаушы, криминалдар» деп атаған. Әбілязов бұны «биліктің қорқынышы» деп бағалаған. Ал ұсталғандардың туыстары жақындарын босатуды талап еткен. 

 

Ұсталғандардың арасында Сәния Түнғатарова, Мұратбек (фамилиясы белгісіз), Айдос Іліпбаев, Бағдагүл Андреева (Қалиасқарова), Ақылжан Қисымбаев, Олжас Күлжаханов, Теңлік Нұрланов пен Ержан Төреқұловдеген азаматтар бар. Ақылжан Қисымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп жараланып, азапталған. 

 

Қазақстан билігі елде «саяси тұтқын» барын және азаматтардың саяси көзқарасы үшін қудаланатынын жоққа шығарады. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/02/2023 10:09
20790 0

Уведомление