Қазақстанда өлім жазасы толықтай жойылды

Енді өмір бойына түрмеге жабу ең ауыр жаза болады


24/12/2021
09:01 37727 0

Сенат Қылмыстық кодекстен өлім жазасын толықтай алып тастайтын заңға қол қойды дейді Vласть. 

 

Кодекстен бұл жазаға түрткі бола алатын 11 негіз бен өлім жазасы ұғымын түсіндіретін бап алып тасталды. 

 

Президент бұл заңға қол қойса, елімізде енді ешкім өлім жазасына кесілмейді, ең ауыр жаза өмір бойына түрмеге қамалу болмақ. 

 

Бейресми дерекке сай, Қазақстанда 1990 жылдан 2003 жылға дейін 536 адам қылмысы үшін атылған. Бұрын елімізде өлім жазасы қандай жағдайда берілетінін айтып берген едік. Оқи отырыңыз. 

 

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық және саяси құқық туралы пактінің Екінші факультатив протоколын бекітті. Осылай Қазақстан өлім жазасын толықтай алып тастауға міндеттелді. 

Поделиться

Нет комментариев.

24/12/2021 09:01
37727 0

Уведомление