Қазақстанда өлім жазасы тек соғыс кезінде қолданылмақ

Мәжіліс Қылмыстық кодексті өзгертетін заң жобасына қол қойды


14/10/2021
11:16 39703 0

Мәжіліс Қылмыстық кодексті өзгертетін заң жобасына қол қойды. Соған сай, өлім жазасы тек соғыс кезінде қолданылмақ.

 

Заңға президент қол қойса, өлім жазасына соғыс ашқан, қырып-жоятын қару қолданған, бейбіт азаматтар мен әскери тұтқындарды өлтіргендер мен геноцид жасағандар ғана кесілуі мүмкін. 

 

Одан бөлек, бұл жаза 13 баптан алып тасталады. 

 

Былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің өлім жазасын жоюға бағытталған құжатына қол қойған еді. 

 

Бейресми дерекке сенсек, Қазақстанда 1990 жылдан 2003 жылға дейін 536 адам атылған. Мына жерден өлім жазасы туралы толығырақ оқыңыз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

14/10/2021 11:16
39703 0

Уведомление