Қазақстанда кедейлер саны көбейіп жатыр

Қазақстандықтардың 5 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды


17/02/2023
12:35 20940 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстанда кедейлер саны көбейіп жатыр. Бұл жөнінде сенат спикері Мәулен Әшімбаев хабарлады. 

 

Оның сөзінше, қазақстандықтардың 5 пайызының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды. 

 

– Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа облыстарда осы таптағы адамдар көбейіп жатыр. Ал бес миллионға жуық адам өнімділігі аз жұмыспен қамтылған, – деді ол.

 

Қазақстанда кедейлік өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, балалар кедейлігі. 

 

2020 жылғы статистика бойынша, Қазақстанда 17 жасқа дейінгі балалар саны 6 миллион 110 мың 156  адам. Бұл ел халқының шамамен 31 пайызы. ЮНИСЕФ есебі бойынша, олардың 1 миллионға жуығы (15% немесе 916 мыңы) әлеуметтік жағдайы төмен отбасында өсуде. Яғни, Қазақстандағы әрбір 6-шы бала кедей деген сөз. Кедей отбасылардың 90 пайызы көпбалалы. Ел бойынша 400 мың көпбалалы отбасы бар. Балалар кедейлігі әсіресе Түркістан (13,8%), Шығыс Қазақстан (11,3%) және Солтүстік Қазақстан (10, 09%) облыстарында өршіп тұр.

Бұған қоса, 2020 жылы Қазақстанда бір ғана асыраушысы бар (әкесі немесе анасы) 520 мың отбасы бар екені белгілі болды. Оның ішінде 452 730 отбасында балаларды тек аналары ғана асыраса, 68 256 отбасында балаларды жалғыз басты әкелер тәрбиелеуде. 25 077 мың жалғыз ғана асыраушысы бар отбасы көпбалалы. Бұндай отбасыларда 18 жасқа толмаған 644  670 бала өсуде. 

Поделиться

Нет комментариев.

17/02/2023 12:35
20940 0

Уведомление