Қазақстанда ер адамның орташа жалақысы әйелдікінен 22 % жоғары
Ең үлкен айырмашылық балық аулау және акуамәдениет салаларында байқалады
Фото: ria.ru
Қазақстанда ер адамдардың орташа жалақысы әйелдердікінен 22 % дерлік көп дейді EnergyProm.
2021 жылы әйелдер айына орташа алғанда 202,3 мың теңге, ал ерлер 246,3 мың теңге табады екен. Айырмашылық — 21,7 %.
Ең үлкен айырмашылық балық аулау және акуамәдениет салаларында байқалады. Ерлер онда әйелге қарағанда 70,7 % жоғары жалақы алады. Ал қонақүй, мейрамхана саласында 50,3 %, қаржы және сақтандыру компанияларында 46,6 % көп табады.
Сарапшылар мұндай жалақы айырмашылығы еңбек саласындағы гендер теңсіздігін көрсетеді әрі назар аударылуы керек мәселе дейді.
Білім және жылжымайтын мүлік саласында әйел, керісінше, ер адамнан көп табады — 9,7 және 7,3 %.
Нет комментариев.