Қазақстанда қазақтардың үлес саны 69,59 пайызға жетті

Қазақстанда қазақтардың үлес саны 69,59 пайызға жетті. Бір жыл ішінде қазақтардың үлесі 0,6 пайызға (80 мың адам) өскен


28/04/2022
12:27 34988 0

Қазақстанда қазақтардың үлес саны 69,59 пайызға жетті. Бір жыл ішінде қазақтардың үлесі 0,6 пайызға (80 мың адам) өскен. Жалпы алғанда қазақтардың саны 13,3 миллион адам.

Соңғы статистика бойынша, бес аймақта қазақтардың үлесі 80 пайыздан көп: Нұр-Сұлтан (81,08%), Ақтөбе облысы (84,29%), Маңғыстау облысы (91,57%), Атырау облысы (93,01%) және Қызылорда облысы (96,54%). Солтүстік Қазақстаннан басқа аймақтардың барлығында қазақтардың үлесі басым. Солтүстік Қазақстанда орыстардың үлесі (49 пайызы – орыстар, 35 пайызы – қазақтар) көбірек. 

Ұлттық бюро статистикасының мәліметі бойынша, былтыр тағы бірнеше этностың саны артқан. Атап айтқанда, бір жылда өзбектер 17,6 мыңға көбейіп, 637,9 мыңға жеткен. Этнос құрамы жағынан өзбектер үшінші орында тұр. Олар көбіне Түркістан облысы мен Шымкент қаласын қоныстанған. 

Ұйғырлар бір жылда 4,2 мыңға көбейіп, 283,1 мыңға жеткен. Әзербайжан (116,7 мың), түрік (116,2 мың), дүнген ( 78,2 мың), тәжіктердің (53,4 мың) де үлесі артқан.

Қазақстанда орыстар саны бір жылда 48,5 мыңға азайған, қазір елде 3 млн 430 мың орыс тұрады. Олардың үлесі жалпы халықтың 17,94 пайызына тең. 

Қазақстанда соңғы жылда украиндардың үлесі азайған. Қазір елде 247 мың украин бар. 

Былтыр 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының нәтижесі бойынша, Қазақстан халқы 19 169 550 адамға жеткен. Ол кезде қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жеткені айтылған.

2009 жылғы халық санағында қазақтардың үлесі саны 63,1 пайыз болған. 

Поделиться

Нет комментариев.

28/04/2022 12:27
34988 0

Уведомление