Қазақстанда ауыл әкімдерін сайлау өтті. Бақылаушылар заң бұзылды дейді

Ауыл әкімдерін сайлау туралы қысқа да нұсқа


26/07/2021
12:51 41429 0

Фото: inbussines.kz

 

Түзету: Жаңалықтың бірінші нұсқасында vlast.kz-ге сілтеме бере отырып сайлауға сайлаушылардың 65 %-ы келгенін жазған едік. Орталық сайлау комиссиясы бұл ақпарат шындыққа жанаспайды дегесін оны алып тастадық. Оқырмандардан кешірім өтінеміз.

 

25 шілдеде Қазақстанда ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті. Ол туралы қысқаша айтып береміз.

 

Комиссия сайлау қорытындысын үш күнде шығарады. 

 

Сайлауды бақыламақ болған тәуелсіз бақылаушылар өздерін біреу аңдығанын айтады.

 

— Көлікке отырғаннан кейін таксисімізге базадан біреу қоңырау шалып, қайда кетіп бара жатқанымызды сұрады. Ол бұл ақпарат не үшін қажет деп сұрап еді, андағылар артымыздан қара көлік ілесіп келе жатқанын айтты, — дейді Қазақстан жастары ақпарат қызметінің Түркістан облысындағы бақылаушысы. 

 

Алматы облысында сайлау комиссиясы «Азаттық радиосының» журналисін кіргізбеуге тырысқан, ал басқа жерлерде бақылаушыларды орын жетпейді не ПТР-дің теріс қорытындысы жоқ деп кіргізбей қойған.

 

Ауыл әкімдерін сайлау 730 елді мекенде өтті. Кандидаттар 2 297 болған, оның 458-і — әйелдер, 1 419-ы — өзін-өзі ұсынғандар, 878-і саяси партия атынан қатысқан.  

 

Осыған дейін Қазақстанда ауыл әкімдерін жергілікті мәслихаттар тағайындап келді. 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев оларды халық тікелей сайлауы қажет деп үкіметке тапсырма берді.

Поделиться

Нет комментариев.

26/07/2021 12:51
41429 0

Уведомление