Қазақстанда 9 мамырда әскери парад болмайды
Қазақстанда әскери парад болмайды
Қазақстанда 9 мамырда әскери парад өткізу жоспарланбаған. Бұл жөнінде қорғаныс министрлігі хабарлады.
— 2022 жылы ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл және Жеңіс күніне орай әскери парад өткізу жоспарда жоқ, — делінген Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде.
Бұдан бөлек, министрлік таратқан ақпаратта Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қарулы күштердің қатысуымен жекелеген шаралар өтетіні жөнінде айтылған. Республика бойынша 50 іс-шара өткізу жоспарлануда.
Былтыр 9 мамырда әскери парад коронавирус эпидемиясына байланысты өткен жоқ болатын.
Нет комментариев.