Қазақстанда 10 мың адам банкрот деп танылуы мүмкін

Сот шешімінен тыс 65 мың адам өзін банкрот деп тануды сұрап өтініш берген


07/09/2023
14:13 15451 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың сөзінше, банкроттар тізіміне күн сайын 100-200 адам қосылуда. Қазірдің өзінде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан астам адам бар. 

 

– Мен статистиканы күн сайын қарап отырмын. Банкроттардың тізіміне 100-200 адам қосылып отырады. Қазір біз осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде банкрот деп танылуы мүмкін 10 мыңнан астам адам бар. Олар тізімге біртіндеп қосылады, – деді Біржанов журналистер алдында сөйлеген сөзінде. 

 

Қазақстан бойынша сот шешімінен тыс өзін банкрот деп тануды сұрап 65 мың адам өтініш берген. 

 

Банкроттық туралы заң биыл 3 наурыздан бастап күшіне енген.  

Поделиться

Нет комментариев.

07/09/2023 14:13
15451 0

Уведомление