«Қазақстан Темір жолы» Әлия Назарбаевға тиесілі компаниямен келісімді бұзды


16/02/2024
12:16 8544 0

Фото: ҚТЖ

 

«Қазақстан Темір жолы» экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі билет сататын компаниямен келісімді бұзды. Бұл жөнінде ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді. 


– 1 желтоқсаннан бері [Әлия Назарбаеваның] компаниясымен келісім бұзылды, қазір «Мобильный портал» ЖШС жұмыс істеп жатыр. Компания байқау арқылы таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетедідеді Ахметжанов.

Ахметжановтың сөзінше, ҚТЖ жаңа компанияға әрбір сатылған билет үшін 29 теңге төлейді.

 

«Жаңа компания кімге тиесілі?» деген сұраққа ол «жеке компания екенін», иелері туралы ақпаратты реестр арқылы тексеруге болатынын жеткізді. 

 

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін елде экс-президенттің ықпалы азайғаны жөнінде болжамдар айтыла бастаған шақта ҚТЖ-ның Instant Payments серіктестігімен электронды билеттерді сату туралы келісім-шартты мерзімінен бұрын үзетіні алғаш рет хабарлаған еді.

 

Instant Payments компаниясы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысты. Назарбаева – 2011 жылы құрылған серіктестіктің құрылтайшысы.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/02/2024 12:16
8544 0

Уведомление