Қазақстан СІМ Израиль мен ХАМАС қақтығысына байланысты мәлімдеме жасады

СІМ ХАМАС ұйымын айыптады


17/10/2023
16:57 13502 0

Фото: ВВС

 

Сыртқы істер министрлігінің  ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде Қазақстан ХАМАС-тың Израильге шабуылын айыптайтыны айтылған. 

 

– Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды. Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз, – делінген мәлімдемеде. 

 

Бұған қоса, СІМ президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен ТМД саммитінде айтқан сөздерін мысалға келтіріп, Израильді Газа секторына шамадан тыс күш қолданбауға шақырған. 

 

– Мұндай жағдайда халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Палестина халқының заңды құқықтарын көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау өте маңызды. Зорлық-зомбылық әрекеті қайта зорлық-зомбылықты тудырады және Таяу Шығыс пен бүкіл әлем үшін сөзсіз қайғылы салдарға алып келеді, –делінген мәлімдемеде. 

 

7 қазанда ХАМАС тобының Израильге жасаған шабуылынан кейін, ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-қа қарсы соғыс басталғанын мәлімдеген. 

 

Израильге жасалған шыбуыл салдарынан 1400-ден астам адам қаза тапқан. Палестина мәліметінше, Израиль атқылауынан Газа секторында 3 мыңға жуық адам көз жұмған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

17/10/2023 16:57
13502 0

Уведомление