Қазақстан СІМ ЕҚЫҰ-ның сайлау туралы мәлімдемесін сынады


22/11/2022
11:50 24968 0

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ)демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау миссиясының (ДИАҚБ) Қазақстанда кезектен тыс өткен президент сайлауы жөніндегі мәлімдемесіне Қазақстан сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. 

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған түсініктемеде «ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың 2022 жылғы Қазақстандағы президенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемесінде объективтілік жоқтығы байқалады және осы уақытқа дейін республикамыздың қолдауына ие болған ұйым маңызды институт ретінде ДИАҚБ тиімділігіне күмән тудырады» деп жазылған.

– Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің олардың қызметінде «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық сақтауды қамтамасыз етуге, заң үстемдігі негізінде әрекет етуге және демократия қағидаттарын жүзеге асыруға» бағытталған қызметіне көмек көрсету мандаты бар екені мәлім (1992 ж. Хельсинки құжаты), – дейді сыртқы істер министрлігі.

Министрлік «ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді. ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар тобы мен оның басшылығының қызметі Қазақстан Президентінің елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған реформаларына қарсы достық емес көзқарасты айқын көрсетті» деп санайды.

Сыртқы істер министрлігі түсініктемесін «ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының дәлелсіз және фактілермен расталмаған айыптау мәлімдемесі сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың қорытындыларына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді. Мәлімдеме мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді және мұны міндетті түрде ескеретін боламыз» деп аяқтаған.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) адам құқығы және демократиялық институттар және адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясы Қазақстанда 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауы «бәсеке жоқ саяси ахуалда өтті» деп санайды. Бұл жөнінде ұйым 22 қарашадағымәлімдемесінде айтылған.

«Іс басындағы президент барлық парламенттік партиялар атынан ортақ кандидат тәрізді сайлауға түсті, бірақ оған шын мәнінде бәсекелес болған жоқ. Байқаушылар сөзінше, негізгі бостандықтары мен құқықтарының шектелуіне байланысты азаматтардың саяси процеске толық мәнде қатысуы бұрынғыша айтарлықтай шектеліп отыр» дейдіЕҚЫҰ арнайы бақылау миссиясы.

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/11/2022 11:50
24968 0

Уведомление