Қазақстан үкіметі елдегі жағдайды ретке келтіретін жоспар бекітті

Билік әуелі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына көмектеспек


18/01/2022
11:22 37318 0

Қазақстан үкіметі елдің әлеуметі мен экономикасын ретке келтіретін шұғыл іс-әрекеттер жоспарын бекітті. 

 

Әуелі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына жәрдем беріледі. 

 

— Күш құрылымдары мен азаматтарды қорғау органдарының қызметкерлері де мемлекеттен көмек алады, — дейді премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің кезекті отырысында. 

 

Енді жаппай тәртіпсіздіктен жапа шеккен адамдар мен компаниялар банктегі қарызы мен микронесиесін төтенше жағдай біткенге дейін төлемесе болады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мародёрлардың кесірінен шығын көрген бизнес субъектілерінің тізімін жасады. Республика және жергілікті бюджеттерден шығынды өтеу үшін қаражат бөлінбек. 

 

1 ақпанға дейін мемлекеттік кіріс органдары кәсіп орындарына салықтық және кедендік тексеріс жүргізбейді. Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірге халықтың табысын арттыратын бағдарлама жасамақ.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/01/2022 11:22
37318 0

Уведомление