Қазақстан Халықаралық қайта құру банкінен қарыз алды


26/10/2022
14:18 26287 0

Қазақстан Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен 345,7 млн еуро сомасында қарыз алады. 

 

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға, республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарға арналған қаражатпен қоса, жалпы бюджет шығындарын жабуға жұмсалады. 

 

Министр Дүниежүзілік Банктің қарызы Қазақстанға 2,5 жылдық жеңілдік кезеңімен, 11,5 жыл өтеу мерзіміне берілетінін мәлімдеді. 

 

2022 жылғы статистика бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызы 165,1 миллиард долларды құрайды. 

Поделиться

Нет комментариев.

26/10/2022 14:18
26287 0

Уведомление