Қазақстан елге келіп жатқан ресейліктерге шектеу қоя алмайды

Владимир Путин мобилизация жариялағаннан кейін ресейліктер жаппай елден кетуде


22/09/2022
14:17 27796 0

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей азаматтарының Қазақстанға келуіне шектеу қоя алмайтындарын айтты. Оның сөзінше, екі ел Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, сол себепті одақ аясында жүктелген міндеттерді орындауы тиіс. 

– Егер Ресей азаматтары бізге келгісі келсе, ол процесті шектемеуіміз керек... Мұнда ықтиярхат туралы сұрап жатыр. Қандай да бір елдің азаматы Қазақстаннан ықтиярхат алғысы келсе, өкілетті органдарға өткізуі тиіс құжаттар тізімі бар. Олардың арасында "сол адам келген елдің рұқсаты болуы керек" деген пункт те бар. Біздің заңнамада бәрі айқын жазылған. Егер қандай да бір ел азаматы мемлекеті рұқсат бермесе де, қандай да бір амалдармен кетіп қалған болса және Қазақстаннан ықтиярхат сұраса, Қазақстан оған ықтиярхат бере алмайды, – деді Мәулен Әшмбаев

Кеше Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған. Осыдан кейін азаматтардың Ресейден жаппай кетіп жатқаны жөнінде ақпарат тараған. Әлеуметтік желіде Қазақстанмен арадағы шекарада бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі пайда болғаны бейнеленген видеолар тарауда. 

Шекарада болып жатқан жағдайға байланысты Қазақстанның құзырлы органдары ешқандай түсініктеме берген жоқ. Мәулен Әшімбаев жауапты органдардың жағдайдан хабардар екенін, қазір талқылаулар жүріп жатқанын айтты. 

– Жалпы алғанда мемлекеттік органдар жағдайдан (ресейліктердің ағылуынан) хабардар. Қазір талқылаулар жүріп жатыр,  деді Мәулен Әшімбаев.

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2022 14:17
27796 0

Уведомление