Қазақстан қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеді

Нөкіс оқиғасынан кейін қарақалпақ белсенділерін ұстау жиілеген


15/08/2023
11:27 15488 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстан Өзбекстанның сұрауы бойынша 2022 жылы Алматы қаласында ұсталған қарақалпақстандық белсенділер – Жангелді Жақсымбетов пен Қошқарбай Төремұратовқа босқын мәртебесін беруден бас тартты. Бұл туралы Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының мүшесі Ақылбек Мұратбай мәлімдеді. 

 

Оның сөзінше, Қазақстан құзырлы органдары босқын мәртебесін не үшін бермегенін түсіндірмеген. Қазақстан азаматтығын беру жөніндегі комиссия шешімі 3шілдеде шыққан. 

 

Жақсымбетов пен Төремұратов 2022 жылы ұсталып, 40 күнге қамалған. Өзбекстан оларды «конституциялық құрылымды құлатпақ болды» деп айыптап, халықаралық іздеу жариялаған. 

 

Былтыр күзде Қазақстанда Тілеубике Юлдашева, Зиуар Мирманбетов, Райыс Құдайбергеновтер ұсталып, қамауға алынған. Қарақалпақ белсенділерінің бұлайша қуғындалуын олардың жақтастары 2022 жылы шілдеде Нөкісте болған қанды оқиғамен байланыстырады.

Былтыр қазанда Human Rights Watch аталған белсенділердің Қазақстаннан саяси баспана сұрағанын хабарлаған. Құқық қорғау ұйымының мәліметіне қарағанда, көптен бері Қазақстанда тұратын олар жергілікті қарақалпақ диаспорасына мүше болған. HRW «Өзбекстанда азаптап, саяси желеумен соттауы мүмкін» деп оларды Ташкентке бермеу жөнінде үндеу жасаған.

2022 жылы 1 шілдеде Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан автономиялы республикасының астанасы Нөкіс қаласында халық жаппай наразылыққа шыққан. Оған Өзбекстан билігінің жаңа конституция жобасына Қарақалпақстанның егемендік мәртебесін жою жөнінде жазғаны себеп болған. Нөкіс оқиғасында Өзбекстан билігі халықтың бейбіт наразылығын күшпен басып, ондаған адам өлген. Бұл оқиғаға байланысты қарақалпақ белсенділерін көп жылға соттаған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/08/2023 11:27
15488 0

Уведомление